Басты Жаңалықтар Франциядағы оқушылар шеруі жалғасып жатыр

Франциядағы оқушылар шеруі жалғасып жатыр

Франциядағы оқушылардың шеруінің жалғасып жатқанына үшінші апта болды. Наразылық акциясына студенттер мен мұғалімдер қосылды. Бейсенбіде Париж орталығында демонстранттар мен полиция қақтығысқан. Тәртіп сақшылары шеруге шыққандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қаруын қолданды. Демонстрация кезінде жастар лицейлерге кіретін жолдарды жауып, кейбіреулері қоқыс жәшіктерін өртеп, бөгеттер қойған. Күн сайын шеруге жүз мыңдаған адам жиналады. Мысалы, өткен сейсенбіде олардың саны 250 мыңға жеткен. Шеру 17 қыркүйекте басталғалы мыңнан астам адам ұсталды. Олардың көбі - кәмелетке толмағандар. Білім алушылардың талаптары – мұғалімдердің санын көбейту, білім алу жағдайларын жақсарту. Кәсіподақтар болса, орта және жоғары білімге 10 миллиард еуро бөлуді, оқу жүктемесін азайту, жатақханалар желісін көбейтуді талап етіп отыр.

Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы