Басты Жаңалықтар Қазақстанның 2 азаматы іздестіріліп жатыр

Қазақстанның 2 азаматы іздестіріліп жатыр

Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған табиғи апат кезінде хабар-ошарсыз кеткен Қазақстанның 2 азаматы іздестіріліп жатыр. Олардың туыстары ДНҚ талдауын тапсырып, қажетті рәсімдерден өткен. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілдері хабарлады. Қазір жағдай бақылауда, дейді. Хабарламада Непал тарапы іздеу-құтқару операциясын 5 қазанда ресми түрде аяқталғаны жазылған. Қазір табылған мәйіттер мен жеке заттардың кімге тиісілі екені анықталып жатыр. Ал Тибеттегі ең көп зардап шеккен Гьиронг уезінде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қытай тарапы мәйіттерді анықтау және генетикалық сараптама бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұған дейін, Непалда болуы мүмкін азаматтың табылғаны және оның қазір елде екені айтылған. Қазақстандық дипломаттар хабарсыз кеткендердің отбасыларымен байланыста бола отырып, оларға қажет қолдауды көрсетіп жатыр, дейді ведомство өкілі.

Бөлісу