Түркістан облысында 41 әлеуметтік нысан салынуда
Түркістан облысында жаңадан салынып жатқан
әлеуметтік нысандар саны күннен күнге көбейіп келеді. Биылдың өзінде 41 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың 13-і
білім, 3-і денсаулық сақтау және 13-і мәдениет саласына қатысты
ғимараттар. Ал, 12 нысан спорт
мектептері. Мәселен қазір Түркістан қаласында 80 орындық «Ана мен бала»
орталығы салынып жатыр. Перзентхана ретінде ашылатын жаңа ғимарат жуырда
тапсырылады деп күтілуде. Ал Кентау қаласында заманауи спорт кешенінің құрылысы
қарқын алған. 200 балаға шақталған нысанда балалар спорттың бес түрімен
айналысатын болады. Аумағы шамамен
4
мың шаршы метр болатын кешеннің алдынан футбол
алаңы да салынбақ.
Данияр Байсейітов, Кентау қалалық құрылыс бөлімінің
басшысы:
Бұл
жерде 4 залмен қамтамасыз етілген. Ол жерде күрес, бокс, шығыс жекпе жектері,
көркем гимнастика жәнеде футбол залымыз бар. Халықаралық және республикалық
дәрежедегі жарыстарды ұйымдастыруға және күнделікті спортшылардың шұғылдануына
толық мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы