Басты Жаңалықтар Ақтөбеде эпилепсияға шалдыққан балалар дәріге зәру

Ақтөбеде эпилепсияға шалдыққан балалар дәріге зәру

Ақтөбеде эпилепсиямен ауыратын балаларға тегін берілетін осполот препараты табылмай жатыр.  Ата-аналар өз ақшаларына сатып алайын десе, дәріханалардан таппаған.  Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, өңірде тіркеуде тұрған 7 балаға ғана қордағы дәрілер беріледі. Басқаларына бас невролог дәрігердің нұсқауымен басқа препараттар ұсынылады. Осы уақытқа дейін эпилепсияға шалдыққан екі балаға емдеу тәсілі өзгертілген. Ал осполот дәрісі қазіргі таңда мемлекеттік тіркеуде жоқ. 

Әлия Шарбақова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Алдағы уақытта осы есепте тұрған балалар штаттан тыс бас невролог маманның қарауынан өтіп, емдеу сызбасы қайта қаралып, басқа дәрілік препараттарға ауыстыру мәселесі қарастырылады.

Бөлісу