Басты Жаңалықтар Эболадан қайтыс болған адамдар 4 мыңнан асты

Эболадан қайтыс болған адамдар 4 мыңнан асты

Кенияда Эбола вирусынан қайтыс болған бірінші адам медицина қызметкерлерінің жіті қадағалауымен жерленді. Ол жеті жыл Конгода тұрып, содан кейін Уганда арқылы Найробиге оралып, ауруханаға түсіп, оқшауланған.
Қауіпті инфекция биыл Конго Демократиялық Республикасының шығысында өршіп, онымен күрес әлі жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл орталықафрикалық мемлекетте Эболадан қайтыс болғандар саны 4 мыңнан асып, 8 мыңдай тұрғын жұқтырғандар тізіміне ілігіп, карантинге жабылған. Ал осы індеттен екі адам жоғалтқан Уганда болса, тамыз айында Эболадан толық арылғанын жариялады.

Бөлісу