Басты Жаңалықтар Британдық басылым Қазақстанның мүмкіндіктерін жоғары бағалады

Британдық басылым Қазақстанның мүмкіндіктерін жоғары бағалады

Қазақстанның шикізаттық сектордан тыс инвестициялық мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Еліміздің экономикалық мүмкіндіктері туралы беделді британдық іскерлік басылым The World Financial Review арнайы мақала жариялады. Мақалада Қазақстанның орталық Азиядағы ең ірі экономикаға қалай жеткені жан-жақты талданған. Бұл жетістікке жетуге елдің табиғи ресуртарға бай болуы да маңызды рөл атқарды. Авторлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындағанын да атап өтті. Осылайша елдің шикізат нарығына  тәуелділігін төмендетуге басымдық берілді. 2025 жылы жан басына шаққандағы ішкі өнім көлемі 15 мың доллардан асып, соңғы жеті жылда 52,9%-ға өсті. 2019--2025 жылдар аралығында тартылған шетелдік инвестиция 114,2 млрд долларға жетті. Еуропалық қайта құру және даму банкінің болжамынша, Қазақстан экономикасының өсімі 2026 жылы 4,7%, 2027 жылы 4,5% деңгейінде болады. Соңғы жеті жылда 625 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 62 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 118,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 36 300 шақырым автомобиль жолы салынып, жөндеуден өтті. 5 000 шақырым теміржол желісі салынып, жаңатылды. 110 теміржол стансасында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.


Бөлісу