Басты Жаңалықтар Цифрландырудың арқасында ₸1,5 трлн үнемделді

Цифрландырудың арқасында ₸1,5 трлн үнемделді

Мемлекеттік қаржыны цифрландыру нәтижесінде 1,5 трлн теңге үнемделді. Бұл туралы Қаржы министрі Үкімет отырысында мәлімдеді. Мәди Тәкиевтің айтуынша, цифрлық жүйе бюджет қаражатының жоспарлануынан бастап, мемлекеттік сатып алу мен атқарылуына дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Тек фискалдық деректерді пайдалану арқылы жыл сайын 200 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік бар. Цифрландыру тиімсіз шығындарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бюджетке қосымша қаржы да түсе бастаған.
Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:

Ең бастысы – цифрландыру нақты қаржылық нәтиже беруде. Цифрландыру есебінен қосымша түсімдер 410 млрд теңгені құрады. Яғни ақпараттық мәліметтер тек бақылау құралы емес, сонымен қатар бюджеттің қосымша кіріс көзіне айналып жатыр.

Бөлісу