Тамыздағы тасқын кезінде жоғалып кеткен мыңдаған адамды іздеу операциясы аяқталды
Непалда жаздың соңындағы алапат тасқыннан жоғалып кеткен мыңдаған адамды іздеу-құтқару операциялары аяқталды. Мұны осы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық орталығы мәлімдеп отыр. Естеріңізге сала кетсек, тамыздың 26-да Непал-Тибет шекарасындағы Гималай тауынан мұздық құлап, өзенге топырақ пен тас төгіліп, сұрапыл топан су жолындағы елді мекендерді, көпірлерді, электр станцияларын, фермаларды шайып өтті. Соңғы мәліметке қарағанда, кемінде 1455 адам қаза тауып, 5285-і жоғалып кеткен. Қазір жергілікті билік оларды заңды түрде «өлді» деп танудың әдістерін қарастырып жатыр. Айта кетсек, ізім-қайым кеткендердің арасында мыңдаған шетелдік болған.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай болыңыз: Жолдарда қар аралас жаңбыр жауады
06.10.2026, 13:17
11 өңірде жылу маусымы басталды
06.10.2026, 13:15
Өкпе обасы: Еуропа Одағы мен АҚШ Сібірдегі жағдайды жіті бақылап отыр
06.10.2026, 13:12
Реформа – елдегі демократияны дамытуға бағытталған нық қадам
06.10.2026, 13:09
Ұстаздық – әулет дәстүрі
06.10.2026, 13:05
Оман Сұлтанын ресми қарсы алу рәсімі өтті
06.10.2026, 13:00
БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
06.10.2026, 10:21
Шымкенттің экологиялық ахуалы бақылауда
06.10.2026, 10:17