Реформа – елдегі демократияны дамытуға бағытталған нық қадам
Қазақстандағы Конституциялық реформа - елдегі демократияны, заңның үстемдігін нығайтуға бағытталған нық қадам. Брюссельдегі геосаясат институтының зерттеушісі осылай дейді. Ата заңда мемлекеттік биліктің қайнар көзі-ел халқы деп бекітіліп, адам құқын қорғауға басымдық берілуі жоғары бағаға лайық, дейді сарапшы. Оның пайымынша, тың өзгеріс - халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын сәтті жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Кейт Ориордан, Брюссельдегі геосаясат институтының аға зерттеушісі:
Қазақстандағы саяси және конституциялық реформалар азаматтық қоғамның басқарудағы рөлін күшейтуге және мемлекеттің саяси құрылымын өзгертуге бағытталған. Бұл мемлекеттік жүйені нығайтуға ұмтылған үкімет пен Президенттің ашықтығы мен белсенділігінің артқанын көрсетеді. Экономикадан бастап цифрландыру, білім беру, басқа да салалардағы реформалар Брюссельде оң бағаланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы