Президент мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналғанын атап өтті. Сонымен бірге Мұғалімдер қауымына зор құрметпен қарау, олардың ұлт болашағы үшін атқарып жатқан табанды еңбегіне алғыс айту – баршамызға ортақ парыз, - деген Мемлекет басшысы ұстаздарды жан-жақты қолдау жұмысына айрықша мән беретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Баршаңызға мәлім, біз «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылдадық. Мемлекеттік марапаттар тізіміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілді. Елімізде бірнеше мұғалім ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. Биыл да мереке күндері барлық аймақта әкімдер мұғалімдер қауымын марапаттап, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатыр. Ұстаздарды дәл осылай жалпыұлттық деңгейде ұлықтау ісі жалғасын табады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында өнертапқыштарды қолдай бастаған
05.10.2026, 17:25
Дүниежүзілік азық-түлік күні мерекесі тойланды
05.10.2026, 17:24
Астанада ШҚО жәрмеңкесі ұйымдастырылды
05.10.2026, 17:22
«Ауыл аманаты»: Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетілді
05.10.2026, 17:20
Шымкенттің қоқысын тасуға тағы жаңа көліктер берілді
05.10.2026, 17:18
Ел жаңалықтарына шолу
05.10.2026, 17:15
Ақмола облысында 38 жаңа медициналық нысан салынған
05.10.2026, 17:13
Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
05.10.2026, 17:12