Басты Жаңалықтар ЖИ-ді ғылым және басқару салаларына енгізу жолдары талқыланды

ЖИ-ді ғылым және басқару салаларына енгізу жолдары талқыланды

Жасанды интеллект білім беру сапасын арттырудың да маңызды құралына айналып келеді. Бұл туралы Астанада өткен «ЖИ және цифрлық технологиялар дәуіріндегі сапаны арттыру: білім берудің жаңа көкжиектері» атты халықаралық форумында айтылды. Бүгінгі еңбек нарығына цифрлық дағдыларды меңгерген мамандар қажет. Сондықтан жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын жаңартып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен енгізуі тиіс. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі форумда білім беруді цифрландыру, кадр даярлау сапасын арттыру және жаңа технологияларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасудың маңызды екені атап өтілді.

Асылбек Исаков, Қазақ – Америка университетінің президенті:
Университетте негізгі біз төрт бағытты анықтадық. Ол оқыту барысында қолданылатын жасанды интеллект, оқытуға арналған жасанды интеллект, ғылыми жұмысқа арналған жасанды интеллект және университет менеджментінде қолданылатын жасанды интеллект. Жасанды интеллект ол көмектесуші болуы керек. Бірақ ол студенттің ғылыми оқу тағдырын шешпеу керек. Ол бәрібір мұғалімнің негізгі жауапкершілігі.


Бөлісу