Екі ел шекарасындағы жағдай шиеленісіп тұр
Өткен аптада Пәкістан Ауғанстанда он елді мекенге соққы берді. Жалпы алғанда, кейінгі бір жылда екі жақ арасындағы қақтығыстардан жүздеген адам қаза тапқан. Көршілер шекарасындағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр. Бұрынғы одақтастар неліктен бітіспес жауға айналды?
Тәліптер Ауғанстанды 2021 жылы қайта басып алғанда, Исламабад бұл қозғалысты болашақ одақтас ретінде қарастырды.
Бірақ «Талибанның» жеңісінен Пәкістанның оңтүстік-батысы мен солтүстік батысында атыс-жарылыстар жиілемесе, сиреген жоқ. Осы айдың өзінде бұл елдің Кохат, Хангу, Дерра Исмаил Хан аудандарында бірнеше рет бомба жарылды.
Джалили Имран, полиция қызметкері:
Бұл шабуылдарды террористер ұйымдастырды. Олар автокөлікке алдын-ала бомба қойып, сол машинамен полиция бекетін соқты. 11 адам қаза тауып, 30 шақты тұрғын жараланды.
Жарылыстар үшін Пәкістан Үндістанды ғана емес, Ауғанстанды да кінәлайды. Алайда, Дели де, Кабул да пәкістандық содырларды қаржыландырды, паналатты деген айыпты ешқашан мойындаған емес.
Исламабадтың мұндай шабуылдарға наразылығы былтыр трансшекаралық соғысқа ұласты. Ал өткен аптада Пәкістан Ауғанстанда он елді мекенге соққы берген.
Саламат Хан, Хост провинциясының тұрғыны:
Өз көздеріңізбен көріп тұрсыздар. Мұнда ешқандай әскери база немесе жауынгерлер жоқ. Пәкістан айтады тек әскерилерді ғана көздейміз деп. Бірақ снарядтардан үйлер мен бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр.
Айта кетсек, Пәкістанның солтүстік-батысында бір-бірімен бәсекелес бірнеше қарулы ұйым бар. Олардың ортақ жауы – Пәкістан мемлекеті. Ең танымалы – «Пәкістандық Талибан». Ауғандық тәліптер тәрізді пуштундардан жасақталған бұл топ 2007 жылы құрылды, бір кездері ауған жеріне өтіп, АҚШ пен Нато күштеріне қарсы соғысты. Сонымен қатар, ол Пәкістанда ұйымдастырылған шабуылдардың көбін дәл осы топ өз мойнына алғаны белгілі.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты ұстаным – прагматизм мен диалог»: Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне пікір білдірді
30.09.2026, 20:44
Еуропада жалған дәрі сататын онлайн дәріханалар көбейді
30.09.2026, 20:30
Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті
30.09.2026, 20:29
Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын ai 33 секундта анықтайды
30.09.2026, 20:28
630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын
30.09.2026, 20:08
KTZ Express Қазақстандық экспорттың логистикалық әлеуетін кеңейтіп жатыр
30.09.2026, 20:06
Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген
30.09.2026, 20:06
Қазақстан киберқылмысқа қарсы конвенцияға қосылды
30.09.2026, 20:05