Тау спорты балаларға қолжетімді болады
Almaty SuperSki жобасы балалар мен тау спортына енді қызығушылық танытып жүргендер үшін арнайы жағдай жасауды көздейді. Жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын трассалардың 70 пайызы көк және жасыл санатқа жатқызылып, отбасылық демалыс пен жаңадан бастағандарға бейімделмек. Алматы әкімдігімен бірлесіп, оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын және тегін шаңғы тебу жаттығуларын ұйымдастыру да жоспарланып отыр.
Ғалия Тоқсейітова, қалалық Туризм басқармасының басшысы:
Трассалардың 70 пайызы көк және жасыл санатта болады. Олар отбасылық демалысқа арналған. Курорт толық іске қосылған кезде қала бюджетіне 1 триллион теңгеден астам қосымша қаржы түседі деп күтілуде. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына да серпін береді.
Шаһарға келетін туристер саны артты
Алматының табиғаты мен таулары шетелдік туристердің де қызығушылығын арттырып отыр. Қонақтардың айтуынша, қаланың туристік мүмкіндігі кеңейіп, тау бағыттары дамыса, келушілер саны да арта түсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады. Алдын ала есеп бойынша, жоба аясында шамамен 5 мың тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Туризм, қонақжайлылық, инженерия, экология және тау инфрақұрылымы салаларында мамандарға сұраныс артады деп күтіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы