Түркістандықтар Азия ойындарының чемпиондарын күтіп алды
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшылары туған жерге оралды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан халықаралық әуежайында жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды. Құрлық додасында керемет нәтиже көрсеткен ескек есушілер ел қоржынына бағалы жүлделер қосты. Владислав Яковлев пен Иван Чернухин ерлер арасында рульсіз қос ескекті қайықпен жарысудан А финалында жеңімпаз атанды. Шешуші бәсекеде қазақстандықтар қашықтықты 6 минут 25 секундта бағындырып, алтын медаль жеңіп алды. Ал байдарка мен каноэде есуден сынға түскен Ольга Шмелёва күміс және қола медальға қол жеткізді. Осылайша түркістандық спортшылар құрлық додасында 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.
Владислав Яковлев, ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы:
Шешуші бәсеке біз үшін оңай болмады, жақсы нәтижеге жету үшін барымызды салдық. Шыдамдылық танытып, жеңетінімізге сендік. Бастысы - дайындығымыз жақсы болды. Нәтижесінде алтын медаль жеңіп алдық. Барлығы да жоспарлағандай болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы