Басты Жаңалықтар Оралда «Мұғалім Talks» тимбилдингі өтті

Оралда «Мұғалім Talks» тимбилдингі өтті

Оралда Мұғалімдер күніне орай педагогтерге арналған «Мұғалім Talks» тимбилдингі өтті.

Облыстың 12 ауданынан келген мұғалімдер мен мектеп басшылары табиғат аясында бой жазып, ой сергітті. Топқа бөлініп, жарысып, көңілді ойындарға қатысты. «Әділет» партиясы ұйымдастырған іс-шара мұғалімдердің қоғамдағы зияткерлік орнын дәріптеуге, оларға құрмет көрсетуге бағытталған. Тимбилдингтің өзара пікір алмасуға, әріптестік байланысты нығайтуға, мерекелік көңіл күй қалыптастыруға әсері зор. Іс-шараның екінші бөлігінде 100-ге жуық қатысушы дөңгелек үстелде бас қосты.

Айтжан Даумова, қалалық №41 мектеп-лицейдің директоры:

Үлкен мерекенің қарсаңында осындай шара өткізгеніне біз қуаныштымыз. Сондықтан барлық мұғалімді Ұстаздар күнімен құттықтаймын! Біздің мектеп «Үздік білім беру ұйымы» деген грантты ұтып алған болатын және қала мектептерінің ішінде «Зияткер мектеп» деген атаққа ие болдық.
Бауыржан Бектұрған, «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы:
Тимбилдингтан соң отырыс болады. Онда біз партияластарымызбен, мұғалімдер және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, өңірдегі білім саласының дамуын талқылаймыз. Мұғалімдерді әрқашан қолдаймыз.


Бөлісу