Басты Жаңалықтар Биыл тағы 72 мектептің құрылысы аяқталады

Биыл тағы 72 мектептің құрылысы аяқталады

Биыл елімізде 12 мектеп ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылы тағы 72 білім ошағының құрылысы аяқталмақ. Білім беру мекемелерінің 14%-ы Түркістан облысында орналасқан. Мектеп жасындағы балалардың саны жөнінен де бұл аймақ көш бастап тұр. Өңірде биыл 50 мыңнан аса бала мектепке барды.

Еліміздегі әрбір жетінші оқушы білім алатын Түркістан облысында 100-ге жуық мектеп жаңа кейіпке еніп, материалдық базасын жаңартты. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 12 миллиард теңге бөлінді. Білім беру нысандарының басым бөлігі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті. Солардың бірі – Шаға ауылына қарасты Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектеп.
Өркен Шүленбаев, мектеп директоры:
Едендеріміз шұрық-тесік болып, терезеден жел уілдеді. Бұрынғы ағаш терезе және шатырымыздан әр жерден су кетті. Одан қалса, қатты желде шатыр ұшып, бірлі-жарым арасында. Шипырдың бәрі күнге күйіп кеткен еді. Жылу жүйеміз тозып, мектеп салқын болатын. Жылу жүйесінің бәрі шіріп, жарамай қалған еді.
Бұл мектепті жөндеуге былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 777 млн теңге бөлінген. Оның 250 млн теңгесі былтыр игеріліп, оқу корпусы күрделі жөндеуден өтті. Биыл спорт залы мен кітапхана, акт залы сияқты маңызды бөлігі жаңарды
Ал бұл Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылынан жаңадан салынған  300 оқушыға арналған мектеп. Бұған дейін ескі, ыңғайластырылған ғимаратта оқып келген жеткіншектер биыл заманауй үлгідегі мектепте білім алуда. Құрылысына 1,9 млрд теңге жұмсалған үш қабатты ғимаратта оқу кабинеттерінен бөлек, асхана, кітапхана, спорт залы, шеберхана және медициналық кабинет қарастырылған.
Ғалымжан Орынов, Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы:
Өткен жылдары облысымызда Мемлекет тапсырмасына сәйкес 29 «Келешек мектебі» жаңадан ашылып, әске қосылған болса, биылғы жылы облыс бюджеті есебінен жаңадан 9 білім нысаны іске қосылып жатыр. Оның арасында бірқатар нысандар үш аусымды мектеп мәселесін, түбегейлі жойып, елге, халыққа мол мүмкіндік береді. 
Жыл басынан бері елімізде 101 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Биыл 12 мектеп жаңа оқу жылында ашылды. Осы жылы тағы 72 нысанның құрылысы аяқталмақ. 2027 жылы 17 білім ошағының құрылысы жалғасады. Сондай-ақ 307 мектепті кешенді жаңарту жүргізілуде. Бұл 117 мыңнан астам баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.


Бөлісу