БҚО-да жарық, жылу желілері жаңартылып жатыр
Батыс Қазақстан облысы жылу маусымына дайын. Жалпы аймақта коммуналдық салаға бұрын-соңды болмаған қаражат бөлініп, жылу, су-кәріз, электр желілері жөнделіп жатыр. Ауқымды жұмыс елімізде бірінші рет қолға алынған Ұлттық жоба аясында атқарылуда. Стратегиялық нысандардың жаңартылуы жайлы келесі материалдан көрейік.
Өңірде ескірген жарық желілері жаңартылып жатыр. Қала бойынша жалпы
ұзындығы 174 шақырым электр сымы ауыстырылған. Жаңа бағандар қойылып,
трасформатор станциялары жөнделген. Облыс орталығымен қоса, 6 аудандағы 44 ауылда
электр желісі қалпына келтіріліп жатыр.
Назар Омарғалиев, мердігер кәсіпорын инженері:
Ұзындығы 8110 метр болатын 0,4 килоВаттық желіні жаңарттық. Жалпы 357 абонент қосылды. 363 темір-бетон тіреуі орнатылды.
«Энергетика және коммуналдық желіні жаңарту» ұлттық жобасы аясында аймаққа 22 млрд
теңге бөлінді. Бұл қаражатқа қаланың қақ ортасындағы 7-ші жылу магистралі де
толық жөнделді. Қырық жыл бұрын салынып, тозып тұрған құбырда апат жиі болатын.
1,8 шақырымдық желі 10 мың абонентті жылумен қамтиды.
Бейімбет Мусин, облыстық энергетика және ТҮКШ
басқармасының басшысы:
Облыс 2026-27-інші жылғы жылу маусымына толығымен дайын. Жылу магистралі Орал қаласында 46 км болады. Қазір тозу деңгейі 49%. Екі-үш жыл турасында бұл көрсеткіш 52 % еді. Енді ішкі желілерді қайта қалпына келтіру жұмысын бастайтын боламыз.Облыс орталығында кәріз желісінің 60 %-ы тозған. Қазір шаһардағы ең ірі екі кәріз-сорғы стансасында құрылыс жүріп жатыр. Жұмыс аяқталған кезде ауызсудан ажырату, кестемен беру мәселесі шешіледі. Аймақта келер жылы тағы оннан астам инфрақұрылымдық нысанды жөндеу мақұлданған.
Облыс орталығында кәріз желісінің 60 %-ы тозған. Қазір шаһардағы ең ірі екі
кәріз-сорғы стансасында құрылыс жүріп жатыр. Жұмыс аяқталған кезде ауызсудан
ажырату, кестемен беру мәселесі шешіледі. Аймақта келер жылы тағы оннан астам
инфрақұрылымдық нысанды жөндеу мақұлданған.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкент оқушылары табиғат қорғаудың тың тәсілін ұсынды
30.09.2026, 17:38
Ыстанбұлда көлік кептелісі барған сайын күшейіп барады
30.09.2026, 17:38
Азиада: Дзюдошылар екі күміс еншіледі
30.09.2026, 17:38
Ресейде банкке қарыз қарашаның қарасы көбейді
30.09.2026, 17:37
Еуропаның автоөндірушілері тығырыққа тірелді
30.09.2026, 17:35
«Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітабы шықты
30.09.2026, 17:33
Атырау облысында тазалықты дрондар бақылайды
30.09.2026, 17:30
Семейде робот-ит полицейге көмектеседі
30.09.2026, 17:27