Ақтөбе су қоймасы жағасынан балық пен құс өлекселері табылды
Ақтөбе қаласының жанындағы су қоймасы жағалауынан балық пен құс өлекселері табылды.Әзірге бұл жағдайға не себеп болғаны белгісіз.
Оларды табиғат аясына дем алуға келген тұрғындар байқаған. Облыстық Экология департаменті мамандарының айтуынша, құстардан сынама алу мүмкін емес.Өйткені, өлгеніне көп уақыт болған. Бұған дейін тұрғындар айдынға жақын маңдағы құс фабрикасының қалдықтары төгілуі мүмкін деген болжамдарын айтқан еді. Дегенмен, мамандар оны растамады. Өлген құстардың арасында шағалалардан бөлек көгершіндер де бар. Қазір экологтар балық инспекциясы және «Қазгидромет» мамандарымен бірге тексеру жүргізіп жатыр.
Талап Ұснадин, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:
Құс фабрикасының қасынан зертханалық су алынды және төмен жағынан, үш жерден су алынды. Қазіргі кезде зертханалық жұмыстар жасалынып жатыр. Судың сынамаларының өз тәртібі бар, ол 4-5 күннен кейін дайын болады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкент оқушылары табиғат қорғаудың тың тәсілін ұсынды
30.09.2026, 17:38
Ыстанбұлда көлік кептелісі барған сайын күшейіп барады
30.09.2026, 17:38
Азиада: Дзюдошылар екі күміс еншіледі
30.09.2026, 17:38
Ресейде банкке қарыз қарашаның қарасы көбейді
30.09.2026, 17:37
Еуропаның автоөндірушілері тығырыққа тірелді
30.09.2026, 17:35
«Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітабы шықты
30.09.2026, 17:33
Атырау облысында тазалықты дрондар бақылайды
30.09.2026, 17:30
Семейде робот-ит полицейге көмектеседі
30.09.2026, 17:27