Абай облысында мал ұрлаған 11 адам сотталды
Абай облысында мал ұрлығымен айналысқан 11 адам сотталды. Олар қылмыспен тұрақты түрде айналысып келген. Бесқарағай ауданының прокуратурасы мал ұрлығына қарсы іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде жедел-тергеу кезінде, шаруа қожалықтарының бірінен ұсақ малды бірнеше рет ұрлауға қатысы бар топтың қылмыстық әрекеті әшкереленген. Шаруашылықтан 36 бас ұсақ мал қолды болған. Оған қоса тағы ұрлық жасау жоспарланған. Сот үкімімен барлық 11 адам кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.
Айбын Жанаспаев, мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының басқарма прокуроры:
11 сотталушы кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Абай облысының прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады және құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін заңда көзделген жауаптылық пен жаза қарастырылғанын еске салады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкент оқушылары табиғат қорғаудың тың тәсілін ұсынды
30.09.2026, 17:38
Ыстанбұлда көлік кептелісі барған сайын күшейіп барады
30.09.2026, 17:38
Азиада: Дзюдошылар екі күміс еншіледі
30.09.2026, 17:38
Ресейде банкке қарыз қарашаның қарасы көбейді
30.09.2026, 17:37
Еуропаның автоөндірушілері тығырыққа тірелді
30.09.2026, 17:35
«Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» кітабы шықты
30.09.2026, 17:33
Атырау облысында тазалықты дрондар бақылайды
30.09.2026, 17:30
Семейде робот-ит полицейге көмектеседі
30.09.2026, 17:27