Премьер-министр Олжас Бектенов Қорғаныс министріне тапсырма берді
Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов жаңа тағайындалған Қорғаныс министріне тапсырма берді. Премьер-Министр Айдос Мырзахметовке: «Мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндетті мінсіз атқарасыз деп сенемін», - деді.
Айта кетейін, Президент министрге әскерді түбегейлі реформалау міндетін қойған.
Ал кеше Айдос Мырзахметов министрліктің басшылық құрамымен алғашқы жұмыс
кеңесін өткізді. Қайта жаңғырту кезінде негізгі басымдық әскердің нақты
жауынгерлік әзірлігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге, жауынгерлік
даярлықтың сапасын көтеруге және қару-жарақ пен әскери техниканы дамытуға
бағытталатыны
айтылды. Министр әскери қызметшілерді даярлау тәсілдерін қайта қараудың
қажеттігін атап өтті. Ал басқару жүйесін жетілдіру де реформаның жеке бағытына
айналмақ. Бұл ретте саланы одан әрі цифрландыру, басы артық әкімшілік
рәсімдерді, есептілік пен практикалық маңызы жоқ кеңестерді қысқарту көзделіп
отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы