Almaty Superski – Алматының туристік әлеуетін арттыратын жоба
Almaty SuperSki – тау туризмінің мүмкіндігін кеңейтуді көздейтін ірі жоба. Кластер құрамына бірнеше тау курорты еніп, олардың арасында аспалы жолдар арқылы қатынас орнату жоспарланған. Жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық тау шаңғысы трассасы салынып, 11 аспалы жол мен үш арқанға ілінетін заманауи кабиналар болады. Жоба тек қысқы демалысқа бағытталмайды. Инфрақұрылымды жыл он екі ай пайдалану жоспарланып отыр. Бұл туристерге жазғы маусымда да таулы аймақтарда демалуға мүмкіндік беріп, жаңа қызмет түрлерінің дамуына жол ашпақ. Жобаның экономикалық әсері де маңызды. Туристік ағынның артуы жаңа жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету саласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жобаның Іле-Алатауы аумағындағы табиғи ортаға әсері – қоғам назарында. Әзірлеушілер экологиялық талаптар сақталатынын айтып отыр. Жоспар бойынша тау бөктеріне жеке көліктердің кіруі шектеліп, туристерді тасымалдауда электробустар мен аспалы жолдар пайдаланылады. Аумақта жеке коттедждер салуға жол берілмейді.
Қадырбек Файзуллаев, қоғам белсендісі:
Қаламыз үшін, одан қала берсе, еліміз үшін үлкен маңызды жобалардың бірі. Себебі инфраструктураға, экономикаға, туризмнің жаңа лебінің келуіне және елімізде осы Алматы қаласының, Алатау бөктерінің әлемдік деңгейде танылуына үлкен бір серпін береді деген ойдамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы