Басты Жаңалықтар Құрылтай сайлауы Италияда талқыланды

Құрылтай сайлауы Италияда талқыланды

Қазақстан италиялық сарапшылар қауымдастығының назарында. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігінің ұйымдастыруымен Римде Құрылтай сайлауының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға Италия Парламентінің депутаттары, Сырты істер министрлігі мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Елші Ерболат Сембаев жиналғандарға мемлекеттік институттарды нығайтуға, азаматтардың саяси өмірге белсене қатысуына бағытталған реформалар жайлы баяндады. Құрылтай сайлауына байқаушы ретінде қатысқан шетелдік сарапшылар тың өзгерістер елдің саяси жаңғыруына жаңа серпін деген сенімде. Италия парламентінің депутаттары екі ел арасындағы Парламентаралық диалогты нығайтып, өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды. Қос тарап өкілдері Қазақстан-Италия достығын онан әрі бекемдеуге мүдделі. 

Бөлісу