Басты Жаңалықтар «Balapan» телеарнасына 16 жыл

«Balapan» телеарнасына 16 жыл

«Balapan» телеарнасына 16 жыл. Бүгінде бүлдіршіндердің сүйікті арнасына айналған «Balapan» 2010 жылы 27 қыркүйекте алғаш рет эфирге шыққан. Шығармашылық ұжым бүлдіршіндердің қызығушылығын ескеріп, заман талабына сай жаңа форматтар мен мазмұнға бейімделіп келеді.

2010 жыл. Ең алғашқы шығарылым. Қазақ тіліндегі отандық анимациялар жоқтың қасы. Сол кезден-ақ тәрбиелік мәні бар, ұлттық болмысымызды айшықтай түсетін өнімдердің санын көбейту негізгі миссия ретінде қойылды.
Мақпал Үкенова, «Balapan» телеарнасының директоры:
Осы уақыт аралығында біз өз көрерменімізге қызықты, балаларымызға пайдалы, сонымен қатар тәрбиелік мәні зор контенттер ұсынып келеміз. Биыл да сол үрдісті жалғастыра отырып, біз өз көрерменімізге 7 анимациялық жоба, 10 бағдарлама және 1 ситком-сериал ұсынамыз.
Өнімдердің сапасы да заман талабына сай. Телеарнаның анимациялық жобалары ағылшын, испан және португал тілдерінде АҚШ, Латын Америкасы елдері мен Ресейдің интернет-платформалары арқылы көрерменге жол тартты. Сонымен бірге халықаралық компаниялардың танымал туындылары қазақ тіліне дубляждалып, «Balapan» эфирінен көрсетілді.
Қарлығаш Әбдібаева, «Balapan» теларнасының бас режиссері:
Әрине балалармен жұмыс істеу қиын әрі қызықты, керемет көңіл күйде жұмыс атқарамыз. Себебі осындай кішкентай балапандар өз еркімен керемет бағдарламаларға қатысып, өзін бір журналистер қатарында сезінеді.
«Balapan» 8 жасқа дейінгі балаларға арнап тәулігіне 15 сағат хабар таратады. Kantar зерттеу компаниясының деректеріне сәйкес, «Balapan» 2020 жылдан бері республикадағы ең жоғары рейтингті 10 телеарнаның қатарында.


Бөлісу