Қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды
Маңғыстаудағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Президент Жарлығымен әскери борышын атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Мұхтарұлы Олжас марапатталды. Ол 29011 әскери бөлімінде взвод командирі қызметін атқарған. Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Аяпберген Сержан, Бегей Дастан, Бердіханов Мейрамбек, Гилаж Ақжайық, Ғұмаров Мансұр, Диханбаев Олжас, Жаңабай Әсет, Көбенов Алмас, Мәдіхан Азамат, Өмірзақ Өмірбек, Темірғалиев Жеңіс, Төлеген Ақылбек, Тұрдыбекұлы Мирас марапатталды. Ал әскери борышын өтеу кезіндегі ерлігі үшін Қуандық Бекет, Темірхан Ақжол, Удалов Никита «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.