Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен өткен саммитті Ұлттық архивке барумен қорытындылайды. Болжамдарға қарағанда, сол шара барысында әлемнің жетекші экономикалық державаларының басшылары тарих пен екіжақты қатынастардың болашағына байланысты өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Трамп пен Си жоғары деңгейдегі мемлекеттік саммитті бейсенбі күні Ақ үйде өткізді. Жүздесу ауқымды сән-салтанатымен бүкіл әлемді тәнті етсе де, онда жасанды интеллект, сауда, Тайвань және Иран мәселесіне қатысты ешқандай нақты келісім жасалған жоқ. Дегенмен бірқатар сарапшылардың ойынша, Вашингтондағы келіссөздер осы жолы символикалық мәнге бай болғанымен, оның нақты мазмұны көпшілікке жарияланбауы да мүмкін.
Хак Ин Ли, Токио халықаралық университетінің халықаралық қатынастар профессоры:
Бір қарағанда, сөз жоқ, бұл кездесу символикалық мәнге бай: олар әлемге, диалогқа, келіссөздерге және бір-бірімен сөйлесуге дайын екенін көрсетіп отыр. Менің пайымымша, екі ел құпия немесе сахна сыртында қандайда бір нақты келісімдер жасауы мүмкін. Және де олар Иранға, Корей түбегіндегі ядролық дағдарысқа, Тайвань төңірегіндегі ахуалға қатысты қадамдарынан көпшілікті хабардар етеді деп ойламаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы