Басты Жаңалықтар Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді

Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді

Каспий жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Қазақстан Халық Кеңесінің 17 мүшесі 815 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Олардың қатарында еліміздің түкпір-түкпірінен бизнес қауымдастық өкілдері бар. Бұл туралы Кеңес хатшылығы хабарлады. Қаражат тікелей марқұмдардың отбасына беріледі. Қайтыс болған әскерилердің жанұясына Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылғанын, қаза болған сарбаздардың отбасыларына барлық көмектің көрсетілетінін атап өтті.


Бөлісу