Басты Жаңалықтар Индонезияда респираторлық ауруға шалдыққандар 170 мыңға жетті

Индонезияда респираторлық ауруға шалдыққандар 170 мыңға жетті

Индонезияда тамыз айынан бері респираторлық ауруларға шалдыққандар саны 170 мыңға жетті. Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр. Оның мәлімдеуінше, тыныс алуы қиындаған науқастардың күрт көбеюіне бірнеше апта бойы жалғасып жатқан орман өрті себепші.

Ауруханаларға 40 мыңнан астам адам бронхитпен, жөтелмен, пневмонияның асқынған түрімен түскен.

Айта кетсек, Индонезияда тілсіз жаумен күреске 54 мыңдай адам мен ондаған ұшақ тартылып отыр. Олардың қатарында «Ананың күші» атты әйелдердің еріктілер бригадасы да бар.

Мыңдаған гектар жасыл желекті күлге айналдырған өрттен көршілес Малайзия мен Сингапурда да ауаның сапасы айтарлықтай нашарлап отыр.


Бөлісу