Басты Жаңалықтар Қайтарылған активтер қаржысына 18 нысан салынды

Қайтарылған активтер қаржысына 18 нысан салынды

Жамбыл облысында қайтарылған активтер қаржысы есебінен 13 әлеуметтік нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 25 млрд теңгеге жуық қаражат ауыз су станциялары мен медициналық мекемелер салуға бөлінді. Сондай-ақ ауылдарға көгілдір отын кіргізу жұмысы қолға алынды.

Таразда 15 жыл бұрын қала құрамына өткен саяжайларда биылға дейін ауыз су мәселесі ақсап тұрды. Енді Ақжол, Қайнар, Родничок және Мичуринец тұрғын алабтарының халқы тіршілік нәрінен тарықпайды. Бұған дейін бұқара суды құдықтан басып ішсе, бірі бұлақтан тасып ішіп келді. Ал былтыр арнайы қордан 700 млн теңгеден астам қаражы қаралып, ауыз су желісі тартылды. 

Захира Қалиева, қала тұрғыны:

8 метрден құдық қазып соған ыдыс аяқ жуамыз. Кір жуамыз сол суларды қолданамыз. Осыған дейін құдықтың суын іштік. Енді мына колонканың суы келіп жатыр. Оған да рақмет.

Иә 5 мыңнан аса тұрғын осылай арнайы қор қаржысына алғыс айтып отыр. Жалпы 4 тұрғын алабына 21 шақырым су құбыры тартылды.

Серік Тұрғын, қалалық тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

Халық игілігіне пайдалануға қабылданды. Биылғы ағымдағы жылы қазылған жерлер бұзылған асфальттар барлығы қалпына келтірілді.+ Мемлекеттік сараптамадан су қорытындысы алынды. Оң болып шықты. Су пайдалануға дайын.

Ал Талас ауданы Ақкөл ауылында 45 адамға арналған медициналық амбулатория бой көтерді. Нысанды салуға 285 млн теңге жұмсалды. Жалпы аймақта медицина және ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 24,5 млрд теңге бөлінген. Қор қаржысының мақсатты жұмсалуы прокуратура бақылауында болады.

Дарын Әбжаппаров, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры:

Сонымен қатар жаңадан қосылған газ құбыры және қазандық салу құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта қор есебінен салынып жатқан обьектілердің ішінде 10 обьектісі жылдың аяғына дейін бітіру жоспарлануда.

Айта кетейік, аймақта қайтарылған активтер қаржысына 31 әлеуметтік нысан салу жоспарланған. Бүгінде оның 18-і пайдалануға берілді.


Бөлісу