Алматы облысында сапасыз қасбет тақталары үшін 43 млн теңге өтеледі
Құрылысқа сапасыз қасбет тақталарын жеткізген компания 43 млн теңге шығынды өтеуге міндеттелді. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты құрылыс салушының талабын қанағаттандырған. Апелляциялық сот та бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.Қасбет тақталары Алматы облысындағы тұрғын үй кешенінің құрылысына жеткізілген. Алғашқы ақаулар анықталған соң, жеткізуші өнімді ауыстырған. Бірақ жаңа панельдер қайта монтаждалғаннан кейін де жарыла бастаған. 2,8 мың шаршы метрден астам аумақта ақау анықталған.Зертханалық сараптама тақталардың беріктігі мен тығыздығы талапқа сай емес екенін көрсеткен. Құрылыс салушы ақауы бар құрылыс материалдарын ауыстыруға шамамен 23 млн теңге жұмсаған. Бұған дейін тауардың құны ретінде 19,35 млн теңге өндіріп алған.
Сарабек Жарқын, облыстық мамандандырылған ауданаралық Экономикалық Сотының судьясы:
Жауапкердің монтаждау технологиясының бұзылғаны туралы уәждері өз растауын таппады. Бірінші сатыдағы сот жауапкерден талап қоюшының пайдасына 43 млн 500 мың теңге көлемінде шығындарды, сондай-ақ 4 млн 300 мың теңге сот шығындарын өндіріп берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы