Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
Ұлыбританияның жастары қазақ тілін үйрене бастады. Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінде Оксфорд университетінің студенттеріне арналған екі апталық «Қазақ тілін үйрену бағдарламасы» оқытылуда. Жоба еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университетінің Вольфсон колледжінің келісімі негізінде қолға алынған. Бағдарлама аясында шетелдік студенттерге қазақ тілінің негіздерін үйрету, практикалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен ұлттық құндылықтарын таныстыру көзделген.
Богдан Шербан, Оксфорд университетінің студенті:
Қазақ тілі өте әдемі тіл, өте әдемі естіледі және де оның грамматикасы өте қызықты. Сондықтан оны үйрену бойынша шешім қабылдадым. Маған Қазақстан қатты ұнайды. Түркістан да ұнайды. Себебі оның тарихы мен мәдениеті өте бай.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12
Шымкентте алимент бойынша қарыз ₸6 млд-тан асты
22.09.2026, 17:10