Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Кеңес құрамына 126 адам енген. Олар 4 жыл қызмет атқарады. Жалпы өкілдік үш бағыт бойынша құралады. Этномәдени бірлестіктерден 42 мүше, ірі қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардан 42 мүше, сондай-ақ мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 42 мүше.Енді қоғамдық, өңірлік және этномәдени мүдделер оқшауланбай, біртұтас жалпыұлттық тұрғыда қаралады. Президент бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге де қол қойды. Ол 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді. Жаңа Конституция жобасына сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесі ел мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болады.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыЕл тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08