Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
Абай облысындағы Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр. Туристік аймақта жоғары кернеулі тоқ көзінің тапшылығы шешілмей келе жатқан мәселе болатын. Жыл сайын жағалауда салынып жатқан құрылыстың көптігі жағдайды тіптен ушықтырған еді. 320-дан астам демалыс базасын электрмен қамтитын қосалқы станциялар жоғары жүктемемен істеп келген. Енді «Көктал – Алакөл» электр желісі мен 110 киловольт қосалқы станция мәселені түбегейлі шешпек. Жобаға 7,9 миллиард теңге бөлінген. 72 шақырымнан астам жоғарғы кернеулі желіні тарту жұмыстары аяқталуға жақын.
Алмас Нұрқасымов, учаске басшысы:
Бұрынғы шешілмей келе жатқан бір мәселе - электр қуатының жетіспеушілігі. Соған байланысты салынып жатқан жоба қосалқы станциясы. Келесі кезеңге дейін мәселе толығымен шешіледі деп ойлаймыз. Осы қазан айының аяғына дейін толығымен аяқталады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы ел игілігіне берілді
24.11.2026, 17:07
Ақмола облысында 2 сүт-тауарлы ферма іске қосылады
24.11.2026, 17:05