Әлеуметтік қолдау шаралары жыл сайын кеңейіп келеді
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Азаматтарды қолдау бағытында бірнеше жеңілдіктер мен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Бұл көмек балалар мен аналарға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және әлеуметтік қолдауды қажет ететін басқа да отбасыларға көрсетіледі. Әріптесім рет ретімен.
Толқын
Жағыпарова – екі баланың анасы. Үлкені ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан
әзірге жұмысқа шығу мүмкін емес. Оның айтуынша, бала үш жасқа толғанға дейін
жұмыс орнын сақтай отырып демалыста болу мүмкіндігі отбасы үшін әжептәуір
қолдау.
Толқын Жағыпарова, қала тұрғыны:
Менің екі баламның арасы 3 жыл. Бірінші балама декреттік төлемақы алған кезде 1 жыл алдым. 3 жылдан кейін жұмысқа шығар алдында мен екінші баламды дүниеге әкелдім. Екінші балама мен 1,5 жыл декреттік төлемақы алдым. Міне балам екіге толды. Декреттік демалысымның аяқталуына 1 жыл қалды.
Елімізде 39 әлеуметтік төлем түрі бар. Республикалық бюджеттен балалы отбасыларға бес негізгі жәрдемақы төленсе, жұмыс істейтін ата-аналарға әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы тағы екі түрлі төлем қарастырылған.
Айнұр Әбдірахманова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры:
Қазір балалы отбасыларға берілетін 5 әлеуметтік төлем түрі бар. Ол бала туғандағы баланың 1,5 жасқа дейінгі күтіміне, көпбалалы аналарға, наградталған аналарға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға төленіп отырған жәрдемақылар. Төлемді төлеген кезде ешқандай табыстылығы мен атаулылығына атаулығына қарамайды.
Ал Еуропа елдерінде әлеуметтік қолдаудың ауқымы мұндай кең емес. Мәселен, Бельгияда анаға берілетін декреттік демалыс 15 апта. Оның 9 аптасы – бала туғаннан кейінгі міндетті демалыс. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы осы уақыт аралығында ғана төленеді. Одан кейін жұмыс орны да сақталмайды. Сол үшін аналар үш төрт айлық нәрестелерін бақшаларға береді немесе арнайы бала күтушілердің көмегіне жүгінеді.
Паулин Мерденс, Брюссель қаласының тұрғыны:
Балаң бір жасқа толғанша үйде отыруға рұқсат жоқ. Үш жарым, төрт ай деген тым қысқа уақыт. Өз-өзіңе келіп үлгермейсің. Босанған әйелге де, балаға да өте қиын. Төрт айлық баламды күнде бақшаға қимай қалдырып кетем.
Әлеуметтік мемлекеттің мүмкіндігі ең алдымен оның экономикалық әлеуетіне байланысты. Ал Қазақстанда бұл міндеттемелерді орындауға бюджеттен қомақты қаржы бағытталады.
Бауыржан Ысқақов, экономист:
Осы 2026 жылғы республикалық бюджет шығыстарының көлемі 27,7-27,8 трлн теңге болса, соның ішіндегі 10,7 трлн теңгесі әлеуметтік салаға бағытталады. Яғни республикалық бюджеттің әрбір 100 теңгесінің шамамен 39-40 теңгесі әлеуметтік мақсатқа жұмсалғандығында. Бұл жалпы алған кезде өте үлкен көрсеткіш.
Демек, әлеуметтік қолдау жекелеген төлемдермен ғана шектелмейді. Ол заңмен бекітілген кепілдіктерден бастап, ана мен балаға көрсетілетін көмекке дейінгі тұтас жүйе. Мәселен, 2 баланың анасы Толқын Жағыпарова үшін үш жылдық демалыс аса маңызды. Үлкен мемлекеттік қолдау әрі ұлт саулығы мен ұрпақ тәрбиесіне мән беру. Бұл - әлеуетті демеуге бағытталған әлеуметтік саясаттың айқын көрінісі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы