Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Аймақта соңғы жылдары спорт кешендері мен мектептер, футбол алаңдары көптеп ашылуда. Бұл әсіресе ауыл балаларының спортпен шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр. Мәселен Созақ ауданында жаңадан ашылған спорт кешенінде жеткіншектер спорттың 13 түрі бойынша тегін жаттығуда. Араларында халықаралық жарыстарда топ жарып жүргендері де бар.
Шолаққорған ауылынан ашылған спорт кешені бүгінде жас жеткіншектердің шынығып, шеберлігін шыңдайтын орталыққа айналып отыр. Мұнда 300-ден аса бала күн сайын жаттығып, үлкен жарыстарға дайындалады. Жасөспірімдер күрестің бес түрімен: бокс, тоғызқұмалақ, футбол, үстел теннисі сияқты бірнеше үйірмені таңдай алады. Барлық спорт түріне арнайы залдар ашылған. Жаттықтырушылар бұған дейін көп қолайсыздықтар болғанын айтады.
Бірнеше жерді жалдаған болатынбыз. Алдында автосервистің бір ғимаратын жалдадық. Тойхананың жанында бір ғимаратты жалдадық. Жылу жағынан сәл қиналыңқырадық. Сосын заманауи болмағаннан кейін душ жағынан да біраз проблема болды. Міне енді былтырдан бері осы ғимарат жұмыс жасап тұр. Ауыл балаларына үлкен мүмкіндік.
Ислам Жолымбет 4 жасынан күреске барады. Өзінің бауырларына еріп, спортқа ден қойған жеткіншек қазір ауданаралық, облыстық жарыстарға қатысып жүр. Әзірге үлкен жетістіктерге қол жеткізе қоймаса да болашақта әлем, олимпиада чемпионы болуды армандайды.
Ислам Жолымбет, спортшы:
Аяққа өтуді білемін және жамбасты білемін. Өзіме бросоктар ұнайды. И комбайн ұнайды. Олар жарыста ең көп кездесіп қалады.
Заманауи үлгіде салынған спорт кешені сондай-ақ түрлі жарыстарды да өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде шағын спорт залдары мен жабық футбол алаңдары ауылдық окрутерде де ашыла бастады. Созақ ауданы бойынша жалпы 676 бала тұрақты түрде спортпен шұғылданады.
Дәурен Оспанов, «Созақ» спорт клубының директоры:
Қазіргі таңда Созақ ауылында спорткомплекс ашылды біздің спорт клубтың. Кәдімгі заманауи, ішінде күрес, футбол, волейбол. Жуантөбе ауыл округінен тағы да спорт кешеніміз ашылып жатыр. Қолданысқа 1-ші қазанда беріледі.
Өңірдің спорт мектептерінде бүгінде мыңға тарта бала спорттың 63 түрімен тұрақты түрде тегін шұғылданады. Олардың қатары соңғы екі жылда 27 мың балаға артқан. Мемлекеттік тапсырыс аясында 3 млрд 400 млн теңге бөлініп, жеткіншектер спорттық секциялармен қамтылып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы