Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
Елде халал өнім өндіретін кәсіпкерлердің қатары артып, отандық тауарлардың шетел нарығына шығу мүмкіндігі кеңейіп келеді. Қазірдің өзінде халал өнімдер бірнеше мемлекетке экспортталады. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық көрмеде айтылды.
Шараны ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, халал индустриясы тек азық-түлік өндірісімен шектелмейді. Оның құрамына қаржы, цифрландыру және кәсіпкерлікті қолдау бағыттары да кіреді.
Бүгінде Қазақстанда 2,5 мыңнан астам кәсіпорын халал куәлігін алған. Оның мыңға жуығы – тағам өнімдері. Былтыр осы куәлікті алған кәсіпорындар 10 мың тоннадан астам ет және сүт өнімдерін шетелге экспорттаған. Биылғы көрмеге 100-ге жуық отандық және шетелдік кәсіпорын қатысып, ет пен сүт өнімдерінен бастап кондитерлік өнімдерге дейінгі тауарларын таныстырды.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Біздің елден шыққан адал өнімдерді шетелде мойындайтын болады. Сондықтан біздің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған мынау Халал сертификаттау орталығы өзінің сертификатын беру барысында халықаралық тәжірибеге сүйенеді. Бұл өз кезегінде тұтынушыларды қанағаттандырып, сондай-ақ экономикамызға да үлкен үлес қосады деп айтуға болады. Өйткені сырттан инвестиция келеді, ол таралады, біздер сыртқа шығады деген сияқты.
Сәлім Жақыпов, компания өкілі:
Соңғы жылдары халал өнімге сұраныс артып бара жатыр, себебі бұл шұжық өнімдері, тұтынушыларымыз өсіп бара жатыр. Келесі жылдары біздің компания ет өнімдерін, бұл сиыр етін, тауық етін осы нарыққа шығарып, халал сапалы қағидаларына сай осы біздің тұтынушыларға ұсынамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы