Басты Жаңалықтар Құлсарыдағы көлік апатынан 3 адам зардап шекті

Құлсарыдағы көлік апатынан 3 адам зардап шекті

Атырау облысы Құлсары қаласында арнайы техника автобуспен соқтығысып, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға кеше 18:50 шамасында Махамбет даңғылында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан арнайы техника бұрылып жатқан кезінде автобусқа соқтығысып, терезелері қатты зақымданған. Жарақат алған үш адам ауруханадан тексеруден өтіп, кейін үйлеріне жіберілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дина Мақсотова, облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:

Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.


Бөлісу