Басты Жаңалықтар Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті

Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті

Астанада алты күнге созылған WTT Star Contender Astana 2026 President’s Cup халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Турнирдің қорытынды күніне вице-президент Ерлан Қарин қатысып, жекелей сында жеңімпаз атанған спортшы мен финалисті марапаттау рәсіміне қатысты. Әйелдер арасындағы жекелей сынның финалында Жапония өкілдері Хитоми Сато мен Мию Кихара кездесіп, соңғысы жеңіс тұғырына көтерілді. Ал ерлер арасындағы жекелей сында Франция спортшысы Алексис Лебрен мен Германия өкілі Данг Цю бақ сынасты. Кездесу қорытындысы бойынша чемпиондық атақты Данг Цю жеңіп алды. WTT Star Contender Astana 2026 President’s Cup турниріне әлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры 300 мың АҚШ доллары.   

Мию Кихара, жеңімпаз:

Мен Қазақстанға осымен үшінші рет келіп тұрмын. Мұнда түрлі деңгейдегі жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Өзім 4 жасымнан бастап үстел теннисімен айналысамын. Ойнап жатқан спортшылардың шеберлігінен-ақ жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын бағамдауға болады.  
Бөлісу