Басты Жаңалықтар Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған

Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған

Алматыда полицейлердің түнгі рейді кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған 500-ден астам адам анықталды.

Рейдке жол қауіпсіздігі қызметі, патрульдік және аудандық полиция қызметкерлерінен құралған 10 мобильді топ қатысты. Полицейлер көлікті мас күйінде басқарған 20-ға жуық жүргізушіні ұстады. Сонымен қатар 46 көлік иесі маневр жасау ережесін бұзған. Оның жетеуінде жүргізушілер апатты жағдай туғызған. Рейд барысында мотоцикл мен мопед жүргізушілеріне де ерекше назар аударылды. Талапты елемеген 13 мопед пен бес мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды. Оған қоса қала көшелерінен киКшеринг компанияларға тиесілі 58 электросамокат алынды. Полиция түнгі рейдтердің алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Әсіресе, тұрғындар жиі шағымданатын орындар тексеріліп, жолдағы қауіпсіздікке қатер төндіретін құқық бұзушылықтардың жолын кесуге басымдық беріледі.

Әбдінұр Тасыбаев, қалалық ПД әкімшілік Полиция басқармасының бастығы:

Негізгі мақсатымыз – қоғамдық тыныштықты бұзатын көлік құралдарын анықтап, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Полиция үшін жол қауііпсіздігімен қатар тұрғындардың тыныштығы да маңызды. Әсіресе, техникалық талаптарға сай келмейтін, шамадан тыс шу щығаратын көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Бұл бір күндік жұмыс емес, заң бұзған әрбір жүргізуші жауапкершілікке тартылады.


Бөлісу