Басты Жаңалықтар Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды

Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды

Қазақстанда күзгі маусым басталғалы бері ЖРВИ жұқтыру былтырғымен салыстырғанда шамамен екі есе азайған. Тұмаумен ауырғандар мүлде жоқ. Сондай-ақ елде жаңа респираторлық вирустар да анықталмаған. Қыркүйек айында елде 52 мыңға жуық ЖРВИ жұқтырған науқас тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,8 есеге төмен. COVID-19 бойынша да төмендеу байқалады. Биылғы жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 87 жағдайы тіркелді. Бұл былтырғы  сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,3 есе аз.

Бөлісу