Басты Жаңалықтар Халық кеңесінің құрамына қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала өкілдері кіреді

Халық кеңесінің құрамына қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала өкілдері кіреді

Қазақстандықтардың саяси белсенділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптасып келеді. Енді кез келген өңірдің өзекті мәселесін заң шығарушы орган деңгейінде көтеріп, ұсыныс білдіруге жол ашылмақ. Бұл мәселені бүгін заңгерлер талқылады. Жиын барысында Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің Конституциялық негіздері сөз болды. Халық Кеңесінің құрамына қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала өкілдері енбек. Олар заң жобаларын талқылап, өз ұсыныстарын енгізе алады. Ал Құрылтай жанындағы Қоғамдық палатада жекелеген қоғам қайраткерлері жұмыс істейді. Құрамы мен жұмыс форматы әртүрлі болғанымен, екі институттың да ортақ мақсаты – мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қоғамның пікірін жеткізу.

Марат Бәшімов, Құрылтай депутаты:
Қазір Қазақстан Халық кеңесі өзінің орнын алып отыр. Сонда маңызды принциптер бар, мысалы, айырмашылығы – депутаттың ғана, бір-ақ қана арнайы депутат дауыс бере алады. Екеуінің де жұмысы Құрылтаймен байланысты, екеуі де бірге халыққа жұмыс істеуі керек, қоғамға жұмыс істеуі керек, солардың құқықтарын қорғауы керек.


Бөлісу