Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
Ақтөбе облысында соңғы екі жыл ішінде 39 ауылға көгілдір отын берілді. Осылайша халықты табиғи газбен қамту көрсеткіші 97,5 пайызға жетті.
Биыл 3 752 адам тұратын 8 ауыл газдандырылды. Жобалардың жалпы құны 3 млрд
теңгеден асады. Мәртөк ауданына қарасты Дмитриевка елді мекенінің тұрғындарды
да бұл күнді асыға күткен еді.104 млн теңгеге 13 шақырым құбыр тартылып, жұмыс
уақытында аяқталды. Аядай ғана ауылда 200-ге жуық адам тұрады. Тұрғындар бұған
дейін Ақтөбе қаласынан және аудан орталығынан жүздеген мың теңгеге көмір сатып
алатын. Оны әкелу, қораға жинау да оңай шаруа емес. Халық бұл қиындықтан
құтылғанынан дән риза.
Ирина Решетник, ауыл тұрғыны:
Бұған дейін көмірді Мәртөк ауылынан сатып алатынбыз. Бір тоннасы шамамен 26–27 мың теңге тұрады. Оған қосымша отын дайындау мәселесі де болды. Оның бәрін жеткізіп, түсіріп, реттеп алу керек. Енді бәрі әлдеқайда жеңілдей түсті. Көгілдір отынның келгеніне өте қуаныштымын.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08