Басты Жаңалықтар Алтын Орда халқының бүгінгі ұрпақпен генетикалық сабақтастығы зерттеледі

Алтын Орда халқының бүгінгі ұрпақпен генетикалық сабақтастығы зерттеледі

Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген адамдардың бүгінгі ұрпақпен қаншалықты туыс екенін ДНҚ арқылы анықтауға болады. Ғалымдар Жошы Ұлысының халқын зерттеудің жаңа тәсілдерін, дереккөздері мен әдістерін талқылауға арналған «Алтын Орда халқының палеогенетикасы және биологиялық тарихы» атты дөңгелек үстел өткізеді. Қазір қазба кезінде табылған адам сүйектерінен генетикалық ақпарат алып, олардың шығу тегін, туыстық байланысын және көші-қон жолдары зерттеліп жатыр. Бұл үшін палеогенетика, археология және антропология деректері қатар қарастырылады. Мамандардың айтуынша, бұрын жәдігер ретінде ғана қабылданған сүйектер енді тарихты зерттеудің маңызды дереккөзіне айналмақ.

Мақсат Жабағин, Ұлттық биотехнология орталығы адам гинетикасы зертханасының меңгерушісі:

Бұрында қазба барысында табылған сүйектерге көп мән берілмейтін. Тек қана жәдігерлерге көп көңіл аударылатын. Бірақ қазіргі генетикалық, палеогенетикалық жаңа буын әдістері арқылы сол сүйектің бойында қалған ДНҚ, яғни генетикалық ақпаратты шығарып алуға мүмкіндік бар. Сол ақпаратты зерттей отырып, сол адамдар қазір қазақ даласында, Орта Азияда өмір сүріп жатқан халықтармен сабақтастығы қандай екенін анықтауға болады.
Бөлісу