Бельгияда әуе диспетчерлері 24 түндік ереуіл жариялады
Бельгияның Шарлеруа әуежайында әуе қозғалысы шектелді. Себебі диспетчерлер 24 түнге созылатын ереуілді бастады. Салдарынан алыс-жақын шетелге қатынайтын рейстер кейінге шегеріліп, жолаушылар жолынан қалуда. Мәселенің мән-жайын әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік. Нұрсұлу, ереуілге не себеп?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Ереуілге диспетчерлер мен әуе қозғалысын басқаруға жауапты компания басшылығының түнгі ауысым үшін ақы төлеу бойынша ортақ мәмілеге келе алмауы себеп. Қызметкерлер түнде жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасап, жалақыны көбейтуді талап еткен. Басшылық тарапынан оң шешім болмаған соң енді олар жиырма төрт күн бойы кешкі сағат 22.00-ден таңғы сегізге дейін жұмысқа шықпайды. Бүгін түнде басталған ереуілдің алғашқы күнінің өзінде 44 рейс кейінге шегереліп, жеті мыңнан астам адам жолынан қалды. Жолаушылардың сұхбатын бірге тыңдайық.
Бонарт Рудиэ, жолаушы:
Мальтаға ұшуым керек еді жұмыс бабымен. Ереуілдің кесірінен әуежайда қонуға мәжбүр болдым. Ертерек ескерткенде билетті ауыстыратын едім.
Түнгі оннан кейінгі, таңертең ерте ұшатын рейстерден қалған жолаушылар әуежайда әлі сабылып жүр. Диспетчерлер мен жұмыс беруші компания арасындағы келіссөз нәтижесіз болса, 10 қазанға дейін түнгі уақытта рейстерге қызмет көрсету тоқтатылады. Яғни, жиырма төрт түннің ішінде 832 рейс орындалмай, 150 мың жолаушы еңбек дауының зардабын тартады, дейді әуежайдың баспасөз қызметі.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53