Басты Жаңалықтар Мүлік салығын кешіктірсе, өсімпұл жүреді

Мүлік салығын кешіктірсе, өсімпұл жүреді

Мүлік салығын 1 қазанға дейін төлемесе, өсімпұл есептеледі. Бұл салық түрін үйі, пәтері, саяжайы, автотұрағы немесе жер телімі бар жеке тұлғалар төлеуі тиіс. Берешек мөлшерін e-Salyq Azamat қосымшасынан, «Электрондық үкімет» порталынан немесе кейбір банк қосымшаларынан білуге болады. Салықтың мөлшері мүліктің нарықтағы бағасына емес, мемлекет есептеген құнына қарай анықталады. Кейбір азаматтарға салық бойынша жеңілдік қарастырылған. Ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және 18 жасқа толмаған жетім балалар мүлік салығын төлемейді. Ескеретін жайт, үй немесе пәтер жыл ішінде сатылып кетсе де, өткен жыл үшін есептелген салықты төлеу қажет. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, мегаполис бойынша 770 мың жылжымайтын мүлік тіркеліп,  олар бойынша есептелген салық сомасы 5 млрд теңгеге  жуықтайды. Қазір берешектің 4,2 млрд. теңгесі, яғни 91% қала бюджетіне түскен. Десе де 2 қазаннан бастап берешегі бар жеке тұлғаларға қарыз туралы хабарламалар жіберіле бастайды.

Әсет Есенжігітов, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:
Уақытылы төленбеген жағдайда әрбір кешіктіріліген күнге салық мөлшеріне байланысты өсімпұл жүре бастайдлы. Салық қарызының сомасы 1 АЕК-тен көп болса, мүлікке шектеулер қойылады. Банк картасын, есепшоттарын жабады, шетелге шығуға тыйым салынады. Сондай мәжбүрлік өндіру шаралары қолданылады.


Бөлісу