Семейдегі аспалы көпір 26 жылдан кейін жөндейтін болды
Семейдегі аспалы көпір 26 жылдан кейін күрделі жөндеуден өтетін болды. Оған отандық және шет елдік мамандар бірлескен тексеру жүргізген. Мемлекеттік сараптама дайын. Қазір мердігер компания анықталып жатыр. 14 миллиард теңге бөлініп, құрылымы күрделі өткелдің әрбір бөлігі қалыпқа келтірілмек. Өйткені қолданысқа берілгеніне ширек ғасыр өтсе де бір де бір бұрауы қайта бұралмаған. Темір тетіктеріне бояу тимеген. Осы уақытқа дейін тек асфальт жабыны ауыстырылып, жамалған. Енді ТМД елдерінде теңдесі жоқ аспалы көпірдің әр бөлігі мұқият жөнделмек. Оған жапондық мамандарды тарту жоспарланып отыр.
Әділбек Увасилов, Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
бөлімінің басшысы:
Конструкциясының әрбір бөлшектері бар, механизмдары бар. Одан бөлек жол үсті асфалты да ішінде қарастырылған. Тростарымыз бар үлкен, соны тат басудан сақтау. Оның сыртқы қабыршығын ауыстырып. Түрік елінде осыған ұқсас көпірлерде осындай орын алған проблемаларды шешуде қолданылған үлгі бойынша жасап отырмыз.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанаға Сыр өңірінен сауда керуені аттанды
17.09.2026, 13:18
ЕуроОдақ Транскаспий дәлізін дамытуға инвестиция салмақ
17.09.2026, 13:15
Мүлік салығын кешіктірсе, өсімпұл жүреді
17.09.2026, 13:12
АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені өсірді
17.09.2026, 13:06
Қостанай облысында дәрігерлік амбулатория ашылды
17.09.2026, 13:03
Республикалық бюджет кірісі ₸20 трлн-ға жуықтайды
17.09.2026, 13:00
ЕуроОдақ транскаспий дәлізін дамытуға инвестиция бөлмек
17.09.2026, 10:09
Аймақтық қауіпсіздік тақырыбы талқыланды
17.09.2026, 10:08