Республикалық бюджет кірісі ₸20 трлн-ға жуықтайды
Республикалық бюджет кірісі келер жылы 19,9 трлн теңге болады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтайдың комитет отырысында 2027-2029 жылдарға арналған бюджет параметрлерін таныстыру кезінде мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, бұл биылғы болжаммен салыстырғанда 2,8 трлн теңгеге көп. Экономиканың өсуінің арқасынада қазынаға қосымша 1,6 трлн теңге түспек. Сондай-ақ қосылған құн салығын қайтару көлемінің азаюы тағы 1,1 трлн теңге кіріс әкеледі. Ал басқа факторлардан 500 млрд теңге түсім болжанған. Жалпы келесі жылы бюджет қаржысы жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына тең болуы ықтимал. Ал инфляция 7,5–9,5 пайыз деңгейінде болады деген болжам бар.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00