Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылды
Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылды. Оның негізгі міндеті – заң
жобаларына қоғамдық және сараптамалық зерттеу жүргізу. Яғни, заң жобасы Құрылтай
отырысына шығарылмас бұрын сарапшылардың сыны мен қоғам талқысынан өтеді.
Палата мүшелері заң жобаларын талқылау процесіне тікелей қатысып, депутаттармен
бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Құрамы енді жасақталады. 50 адам
кіреді. Тізімге барлық саяси партиялардың фракцияларынан Құрылтай депутаттары,
азаматтық қоғам мен сарапшылар қауымдастығының, үкіметтік емес және кәсіби
ұйымдардың, өңірлердің өкілдері, сондай-ақ түрлі сала мамандары
енгізіледі.
Айдос Сарым, Құрылтай депутаты:
Әрбір мәслихат пен әрбір қоғамдық кеңестен кем дегенде бір адамнан тұрақты түрде қосқымыз келіп отыр. 50 адамның үстінен. Сонымен қатар елімізде белсенді азаматтарды қоғамдық палатаның сарапшылары дейтін есіммен енгізейін деп отырмыз. Нобай болашақта 150-200 адамға дейін жететін экожүйеге айналсын деген ниетіміз бар.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15