Басты Жаңалықтар Сарапшы: Қазақстан үшін Кореяның индустриялық тәжірибесі маңызды

Сарапшы: Қазақстан үшін Кореяның индустриялық тәжірибесі маңызды

Орталық Азия мен Корея Республикасы технология және өнеркәсіптегі серіктестікті жаңа деңгейге шығаруға ниетті. Қазір Қазақстан мен Кореяның бірлескен жобалары автомобиль, машина жасау және металлургия салаларын қамтиды. Жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын 51 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Азия зерттеулері бөлімінің бас сарапшысы Әлішер Тастеновтің пікірінше,  Кореяның индустриялық даму тәжірибесі  еліміз үшін аса маңызды. Сарапшы Қазақстанның табиғи ресурстарын кореялық технология және инженерлік тәжірибемен ұштастырып, шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі өндіріс тізбегін қалыптастыруға мүмкіндік бар екенін айтады. Мұндай байланыс өндірісті дамытуға, технологиялық тәжірибе алмасуға және білікті кадр даярлауға жол ашады.


 


Бөлісу