Басты Жаңалықтар Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді

Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді

Түркістан облысында полицейлер дрон арқылы 100-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейдтік тексеруді дрон құрылғысының көмегімен өткізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге хаттама толтырды. Көлік тізгіндегендер қауіпсіздік белдіктерін тақпай, тұраққа қою қағидаларын бұзған. Сондай-ақ жол белгілері немесе жолдың жүріс бөлігіндегі таңба талаптарын сақтамағаны дронға түсіп қалған. Ал мотоцикл мінгендер мотошлемдерді кимей жолға шыққан. Тәртіп сақшылары барлық құқық бұзушылықты тіркеп, жүргізушілерге қатысты әкімшілік шара қолданып, жауапкершілікпен қарауды түсіндірді.


Бөлісу