Басты Жаңалықтар Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды

Премьер-министр цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейтуді тапсырды. Енді Мемлекеттік сатып алуда цифрлық теңгенің үлесі артады. Яғни, шарт жасалған жерге төлем автоматты түрде жүргізіледі. Бұл бюджет қаражатының қайда және қандай мақсатқа жұмсалғанын бақылауды күшейтеді. Еске салайық, бүгін Үкіметтің күн тәртібінде цифрлық активтерді дамыту мәселесі қаралды. Енді  азаматтар бұрын сатып алған немесе өндірген цифрлық активтерін ерікті түрде жариялай алады. Ол үшін жыл соңына дейін арнайы механизм әзірленеді. Актив Қазақстандағы лицензияланған платформаларда тіркеледі. Бұған қоса, қазақстандық платформалар арқылы операция жасайтын жеке тұлғалар 2026-2028 жылдары жеке табыс салығынан босатылады. Премьер-министр Үкімет отырысында төлем инфрақұрылымын жаңғырту және қаржы жүйесінің тиімділігін арттыруда цифрлық теңгенің маңыздылығын атап өтті.

Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Цифрлық теңгенің криптовалютадан айырмашылығы ол Ұлттық банк шығаратын орталықтандырылған цифрлық валюта. Яғни заңды төлем құралы. Сондықтан, Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру цифрлық теңгені қолданудың маңызды нәтижесі болуы тиіс. Цифрлық теңге цифрлық қаржы сервистерін дамыту құралына айнала алады. Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп, цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейту үшін барлық қажетті шараларды пысықтауы қажет.


Бөлісу